Жаңалықтар

Ана қайда да ана…

Жақында Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті  УГ-157/11 мекемесінде «Отбасы татулығы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Отбасындағы береке-бірлік, сыйластық, татулықты сақтау мақсатында өткен жиынға «Дағдарыс орталығы Ана үйінің» үйлестірушісі  Гүлфариза Ғұбашева арнайы шақыртылды.  

Жиында отбасы туралы жан-жақты мәселелер қарастырылып, талқылау барысында туындаған сұрақтарға жауаптар берілді. Гүлфариза Дендерқызы «Ана» үйіндегі тұрмыс-тіршілік  туралы әңгімеледі. Жазасын өтеуші азаматшадан жеке көзқарастары сұралды. Әйел-аналар  бойларында қорқыныш барын,  өздері туралы айтылатын пікірді жоққа шығара  алмайтындарын, отбасын, балаларын сағынатындарын, бостандыққа шыққан соң өмірлерін қайтадан басынан бастау керектігін,  әйтседе өздеріне деген қоғамның қөзқарасынан сескенетіндіктерін жасырмады. Осы бағытта қысқаша дәріс оқылып, талданды. Әйелдер өзіндік бағалау, позитивті ойлау, өзін жетілдіру бойынша психокоррекциялық тренингтарқа қатысты. Кері байланыс сағатында сотталған азаматшалар өз пікірлерін ашық айтты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар осындай жиындар жиі өткізілсін деген ұсыныстарын білдірді.

Динара ШАМАНОВА,

УГ-157/11 мекемесінің аға инспектор психологы, әділет аға лейтенанты

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close