Басты тақырыпКөкейкесті

Қазақстанда 4340 имам ҚМДБ жүйесінде жұмыс істейді

«Оның ішінде жоғары білімді – 901 адам (21%), орта білімді – 911 адам (21%). 2528 адам (58%) діни сауаттылық курсын аяқтаған. Мемлекеттік қолдауымен 2600-ден астам мешіт қызмет атқаруда»,-деп жазды өзінің фейсбуктегі парақшасында ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Ғалым Шойкин.

-Осыны ескере отырып, имамдардың білімдерін жетілдіру үшін 2016 жылы 2020-шы жылға дейін ҚМДБ-ның діни білім беру тұжырымдамасы қабылданды. Мемлекеттік қолдауымен елімізде «Нұр-Мүбарак» Қазақ-Египет ислам мәдениеті университеті, Имамдардың білімін арттыру институты, 5 медресе-колледж, 4 медресе, 2 Құран оқу орталығы қызмет атқаруда. Тағы бірнеше медресе ашылу барысында.
Барлық оқу орындарына мемлекет тарапынан мыңдаған арнайы гранттар бөлінуде. Мысалы, тек Түркістан облысында әкімшілік тарапынан 3 жылда медреселерде діни маман дайындау үшін 450 грант бөлінген.
«Нұр-Мүбарак» университетінде мемлекеттік грантпен 1200 студен білім алуда және 2020 жылға дейін бұл университетте 805 түлек оқуын бітіріп шығады. Оған қосымша 100 магистрант, 15 докторант оқуын аяқтайды.
9 медреседе жыл сайын 1500 адам, Құран оқу орталықтарында 300 астам білім алуда.
Осының барлығы қазақ елінің имамдары өз білімдерін жетілдіріп, Қазақстанымыздағы діни жағдайды тұрақтандыруға, оның болашақ гүлденуіне үлес қоссын деген мақсат. Сондықтан, имамдарымыз мемлекет жүргізіп жатқан саясатты қолдап, еліміздің үмітін ақтасын деп тілейміз. Ол үшін олар білімді, дүниетанымы жоғары, болашаққа көзі ашық, еліміздің тарихын және дәстурлі құндылықтарын құрметтейтін мамандар болу қажет деп санаймын,-деп жазды Ғалым Нұрмағамбетұлы.

Фейсбук қолданушылардың сан түрлі сауалына жауап берген Ғалым Шойкин: «Көбінде имамдарға қатысты сын көбі имамдарымыздың білімі жоқ екенінен шығады. Бұл ақпаратты жазғаным – бүгінгі жағдайды сипаттау және имамдарымыздың бойына мемлекетшілікті сіңіру мәселесіне көңіл аудару. Имамдарымыз және діндар адамдар осы мемлекет жасап жатқан жақсылықтарды түсінсе дейміз. Өкінішке қарай, көп жағдайда имамдарымыз мемлекет жүйесіне және жүргізіп жатқан саясатқа сай жұмыс жасамайды. Бұл жағдайды өзгерту керек» деп жазба астына пікір қалдырды.

durbi.kz

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close