Жаңалықтар

Алматыда халықаралық терроризмге, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес мәселесі талқыланды

2018 жылғы 25 қазанда Алматы қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері басшылары кеңесінің (ҚОБК) 45-отырысы өтті, деп хабарлады ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі.

Іс-шараға Әзербайжан МҚҚ, Армения ҰҚҚ, Беларусь МҚК, Қазақстан ҰҚК, Қырғызстан МҰҚК, Ресей ФҚҚ, Тәжікстан МҰҚК және Өзбекстан МҚҚ басшылары бастаған делегациялар қатысты.

Одан басқа, шақырылғандар ретінде Әзербайжан, Қазақстан және Ресей Сыртқы барлау қызметтерінің, сондай-ақ ТМД Атқару комитеті мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Террорға қарсы орталығының өкілдері қатысты.

Достастық елдерінің қауіпсіздік органдарының қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттық және практикалық өзара іс-қимыл тиімділігін арттырудың өзекті мәселелері талқыланды.

Халықаралық терроризмге, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және киберқауіпсіздік саласында ынтымақтастықты күшейту қажеттігі аталды.

Арнаулы қызметтер өкілдері ірі халықаралық іс-шаралар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жоспарлау және ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасты.

Қорытындылары бойынша тиісті шешімдер мен оларды іске асыру бойынша нақты шаралар айқындалды.

durbi.kz

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close