Жаңалықтар

ҰҚК арнайы операция барысында 10 адамды ұстады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы мен Қазақстанның үш облысында арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

2018 жылғы 27 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласының, Ақмола, Алматы және Қарағанды облыстарының 10 тұрғынын ұстады.

«Олар интернеттің әлеуметтік желілері мен мессенджерлерінде жүйелі түрде экстремистік контентті тарату жолымен терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деген күдікке ілінген. Діни материалдар орналастырылған чаттар мен қоғамдастықтарда Қазақстанның 15 өңірінің діндар тұрғындары қатарынан барлығы 180-нен артық қатысушы тұрған» – делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, ұсталған адамдардың терроризмді қаржыландыру мен өзге де көмек көрсетуге жеке қатыстылығы туралы деректер тексерілуде. Тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close