Жаңалықтар

Қосшағыл мешітінде Құран жарысы өтті

Атырау облысының Жылыой ауданындағы Қосшағыл ауылдық мешітінің іргетасы қаланғанына 20 жыл толуына орай, аудан көлемінде Құран оқудан сайысы өтті.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Құранды үздіксіз үйренуге және үйретуге шақырды. Бұл туралы Алла Елшісі (с.ғ.с) «Балаларыңды үш түрлі қасиетке баулыңдар: Пайғамбарларыңды сүюге, оның әулетін құрмет тұтуға және Құран оқуға. Шын мәнінде, Құранды жаттағандар ешқандай көлеңке болмайтын Қиямет күнінде Алланың Аршысының көлеңкесінде тұрады» деген.

Жарыс барысында қатысушылар қасиетті Құранның Дұха сүресімен Нас сүрелері арасындағы сүрелерді жатқа оқудан бақ сынасты. Тартысты өткен жарыста бірінші орын Қадыр Үмбетке, екінші орын Аманқос Амантурлинге, үшінші орын Алпысбай Нұрланұлына бұйырды.

Бірінші орынды жеңіп алған Қадыр Үмбетке 100 000 теңге қаржылай сыйлық берілді. Екінші орын иегеріне 60 000 теңге, ал үшінші орын иегеріне 30 000 теңге берілді. Ерекше атап өтерлігі, жарысқа алты жастағы шәкір те қатысты. Ынталандыру мақсатында жарысқа қатысқан ең жас шәкіртке ұялы телефон сыйға берілді.

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close