Жаңалықтар

4 жылда соғыс салдарынан 870 мың бала мерт болды

2013-2017 жылдар аралығында әлемнің соғыс жүріп жатқан 10 елінде 5 жасқа дейінгі 870 мыңға жуық бала мерт болған, оның 550 мыңы – сәбилер. Save the Children халықаралық қайырымдылық ұйымы осындай мәлімдеме жасады деп жазды kazislam порталы.

Ұйым баяндамасы қарулы қақтығыстар толассыз жалғасып келе жатқан аймақтардан алынған деректер негізінде жасалған. Оның нәтижесінде соғыс кезінде әсіресе жас балалардың өмірлеріне қауіп төнетіні анықталды.

«Балаларға қарсы соғысты тоқтатыңдар» атты баяндамада 2010 жылдан бері соғыс жүріп жатқан аймақтарда балалар саны 37 %-ға көбейгені жазылған. Осы уақыт аралығында балаларға шабуыл жасау және соғысқа тарту фактілері 174 %-ға өскен.

Деректерге сәйкес, 2017 жылы 420 млн. бала соғыс жағдайында өмір сүрген.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close