Жаңалықтар

«Иманғали» мешіті қайырымдылық турниріне қатысты

Атырауда «Балаларға үй қажет» атты  кіші футболдан қайырымдылық турнирі өтті. «Сенім Қазақстан» тренинг орталығы белсенділері және «Атамекен эко» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен қайырымдылық бағыттағы футбол турниріне сегіз команда қатысты.

Турнирден түскен қаражат көп балалы ана Мейрамгүл Әмірғалиеваның отбасына үй алуға жұмсалады. Үлкен ұлы ДЦП, яғни церебралды паралич ауруына шалдыққан көп балалы ана қазіргі кезде пәтер жалдап жүр.

Аталмыш шараға Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен орталық «Иманғали» мешіті тарапынан арнайы команда қатысты. Әдемі ойынмен бірге, игілікті істің үлгісін көрсеткен турнир нәтижесінде әр команданың жарнасы есебінен 800 мың теңге қаражат жиналды.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close