Көкейкесті

Батыржан қажы Берденұлы жасанды түсік жасатудың үкімі туралы айтты

Қазіргі таңда жасанды түсік мәселесі үлкен тақырыпқа айналып жатыр. Ұятты жағдайда қалған қыз балаларымыз не істеуі керек?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің бас имамы Батыржан Мансұровтың пікірінше, пенде баршамызға ризық-несібе беруші Алла екендігін ұмытпауы қажет.

«Ұшқан құстан бастап, судағы балықтың, жер бетіндегі жәндіктің, ең көркем бейнеде жаратылған адамның ризық-несібесін Алла Тағала реттейді. Демек, біз ризық мәселесінен қорықпауымыз керек. Кей жағдайда жастарымыз осындай жағдайға барып қояды да, ата-анасынан қорқып, құрсағындағы балаға түсік жасатады. Бұл – үлкен күнә. Өйткені, Құранда «Өздеріңді өздерің өлтірмеңдер» деген.

Бұл мәселеде некесіз дүниеге келген баланың кінәсі болмайды. Кінә ата-анада болады. Сондықтан, неке қидырмастан сәби көтерген жағдайда, жастар отбасын құруы керек. Шариғат жолымен неке қидырып, ата-ананың батасын алуы қажет» деп түйіндеді сөзін Атырау облысының бас имамы Батыржан Мансұров.

«Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close