Жаңалықтар

Ділмұрат 8 жылға сотталды

2 мамыр күні Оңтүстік Қазақстан облысының Әл-Фараби аудандық сотының шешімімен Қазақстанға белгілі сəлəфиттік ағымның ұстазы Ділмұрат Махаматов 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Д.Махаматовқа Сауд Арабиясында «заңсыз миссионерлік қызметпен айналысты» деп айып тағылып, 2018 жылдың қазан айында сол елдің құқық қорғау органдарымен ұсталғаны туралы баспасөзде белгілі болған еді. Артынша айыпталушының сәләфит ағымының басшыларының бірі болғандығы және Арабияда жүріп қазақстандық жастарға заңсыз үгіт-насихат жүргізгені туралы және оның Қазақстанға экстрадицияланғаны туралы еліміздің құзырлы орындары хабарлаған болатын.

Сот Шымкеттің Сарыағаш ауданының тумасы Д.Махаматовты «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық және діни алауыздықты қоздыру, терроризмді насихаттау немесе терроризмге шақыру баптары бойынша кінәлі деп тауып отыр.

4 сәуірде басталған сот процесі Махаматовтың өтініші бойынша жабық өткен.

Естеріңізге сала кетсек, Ділмұраттың соңынан Сауд Арабиясында Назратулла абу Марьямның да ұсталғаны туралы мемлекеттік БАҚ-та жазылған болатын.

«Дүрбі»

Tags

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close