Жаңалықтар

Ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері білімдерін арттырды

Ақпараттық түсіндіру тобының (АТТ) мүшелері халықпен тығыз байланыста жұмыстар атқарып жатыр. Бүгінгі дін саласындағы ақпарат кеңістігінде жарияланып жатқан түрлі материалдардың ақ-қарасын ажырату үшін діни сауаттылықтың болуы маңызды. Яғни, АТТ мүшелерінің біліктіліктерін артыру, оларды қайта даярлау уақыт талабы.

Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл, мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жетілдіру мәселелері» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізді.

Екі күндік курста Ақтөбе қаласындағы «Аңсар» ақпараттық орталығы басшысының орынбасары, дінтанушы Төлеген Талдыбаев «Қазіргі таңдағы жалпы профилактикалық жұмыстың ерекшеліктері, деструктивті діни ағымдардың таралу жолдары және оның алдын-алу шаралары» тақырыбында дәріс оқыды.

Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев Қазақстандағы дін жөніндегі мемлекеттік саясат және ҚР-ның «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңын слайд арқылы көрсетіп, түсіндірді.
«Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» мамандары, теолог Абылай Саден «Зайырлылық және дін – біртұтас қоғам», тарихшы Ернар Абзалов «Қазақ дүниетанымындағы дін түсінігі – Матуриди сенім мектебінің тарихы» тақырыбында сөз сөйледі.

Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмысы – мемлекеттің дін саласындағы саясатының түрлі аспектілері бойынша қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында билік органдарының халықпен жұмыс жүргізу формасының бірі. Сондай-ақ қоғамдағы зайырлылық сана-сезімін нығайту, азаматтар мен қоғамды сыртқы әртүрлі жалған ақпараттан қорғауды қамтамасыз ету және халық санасында еліміздің болашағын зайырлылық қағидаларына негіздеу қажеттілігі.

Екі күндік біліктілікті арттыру курс қатысушыларына Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиев сертификаттар табыстады. Сондай-ақ, АТТ мүшелері атынан Серік Мұхамбетов, Бекежан Өмірбек, Руза Үмбетова ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close