Жаңалықтар

Қоғамдық қауіпсіздік мәселесі талқыланды

Атырау облысы Дін істері басқармасының тапсырмасы негізінде «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қоры «Тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, экстремизмнің алдын-алу, дәстүрлі рухани-имандылық, діни құндылықтарды насихаттау, кеңінен түсіндіру, дін саласындағы ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізу» жоспарына сәйкес, «Мұрагер» сауда үйінде саудагерлердің қатысуымен «Ұлт бірлігі мен қауіпсіздік мәселелері» тақырыбында кездесу өткізді.

Аталған шарада облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, мәдениет қайраткері, облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Серік Мұхамбетов: «Қоғамдық қауіпсіздікті сақтаудың бірден-бір шарты – рухани қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Руханилық – Қазақстанның ұлттық мүддесінің бір бөлігі. Рухани дағдарыс басымдық ала бастаған қазіргі әлемдік қауымдастықта дәстүрлі құндылықтарды жаңғырту мәселесі табиғи түрде өзекті тақырыпқа айналып отыр» – дейді.

Атырау облысы Дін істері басқармасының Ақпараттық талдау орталығының маманы Еламан Асқаров «Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы» заңының талаптары, сондай-ақ, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 453, 490-баптарында көзделген құқықтық жауапкершілігі туралы түсіндірді.

«Соңғы жылдары бірлігі мен бейбітшілігі жарасқан елдің берекесі қашты. Себебі осы уақытқа дейін шет ел жаңалықтарынан ғана көріп, жанымыз түршігіп, жағамызды ұстап, сыртқы қауіп-қатер ретінде ғана қабылдап жүргенімізде терроризм бізге де келіп жетті. Жарылыс, атыс, қақтығыстардан қаншама адамдар зардап шегіп, ел дүрлікті. Діни экстремизм өте ауыр әлеуметтік-құқықтық және психологиялық мәселе бола отырып, көпаспектілі де болып табылады. Демек, діни алауыздық, жеккөрушілік және дінді саясаттандыру секілді қисынсыз көзқарастары мен әрекеттері арқылы пайда болатын қоғамға кері әсерін тигізетін құбылыс» – деген «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қорының теологы Сұлтан Сариев теріс ағымнан сақтанудың жолдарын жеткізді.

Сонымен қатар қақтығыс аймағынан келген Малика Таженова теріс діни ағымға арбау қалай жүзеге асатынын, Сириядағы бастан кешкен қиын тағдырын айта отырып, қазіргі таңда «Шапағат» Қоғамдық қорына қызметке тұрып, жастарға, облыс тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізудегі мақсатын жеткізді.

Шара соңында қатысушылар тарапынан болған сауалдарға дін мамандары тұщымды жауаптар берді.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close