Жаңалықтар

Діннің талабы – тыныштық пен бейбітшілік

Тап осындай тақырыппен Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жоспарына сәйкес, Қызылқоға аудандық ауруханасының қызметкерлерімен кездесу өтті.

Кездесуге облыстық Дін істері басқармасы ақпаратық-талдау орталығының маманы Н.Ғизат, аудандық «Бәйтерек» мешітінің бас имамы М.Сұлтанов, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының теологы Ш.Темірқұлұлы қатысты.

«Бәйтерек» мешітінің бас имамы М.Сұлтанов мекеме қызметкерлеріне ұлттық құндылықтар, тәрбиенің маңыздылығы, ата-анаға деген құрмет, өмірге деген көзқарастың дұрыс болуын насихаттай келе, Ислам дінінің қазақ мәдениетімен байланысы жөнінде кеңінен сөз қозғады. Теолог маман Ш.Темірқұлұлы деструктивті жалған діни ағым мүшелерінің ұстанатын бағыттары, олардың іс-әрекеттеріне тоқталып, дәстүрлі бағыттағы діни уағызшылармен дәстүрлі діни әдебиеттер тізімін атап өтті.

Кездесу соңында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға мамандар нақты жауаптар берді.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close