Жаңалықтар

Жастарды арсыз әрекеттерді жасамауға шақырды

Теолог Атырау «Сервис» колледжі студенттерімен кездесіп, онда дәстүрлі Ислам діні мен деструктивтік діни ағымдар, қыз бен жігіттің кездесудегі әдептері турасында сөз қозғады.

«Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының теолог маманы М.Рустамқызы студенттерге псевдосәләфизм ағымының шығу тарихын жан-жақты түсіндіріп өтті.

Теолог дін адамдарды тек жақсылыққа жеткізуі керектігін, діннің атын жамылып біреуге қасақана теріс пиғылмен көрсетуді Исламмен байланыстырмау қажеттігін атап өтті. Қыз бен жігіттің кездесуі мәселесіне аса сақтықпен, әдеппен қарау керектігін кеңірек әңгімеледі. Сонымен қатар жастарды арсыз әрекеттер жасамауға шақырды.

Кездесуге қатысқан студенттер өздерінің сұрақтарын қойып, белсенді қатысты.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close