Жаңалықтар

АТТ мүшелеріне арналған екі күндік біліктілік арттыру курсы қорытыланды (СУРЕТ)

11-12 желтоқсан күні Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қоры «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл, мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жетілдіру мәселелері» атты ақпараттық түсіндіру тобының мүшелеріне арналған 2 күндік біліктілікті арттыру курсын өткізді.

Курстың мақсаты – діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша Атырау облысындағы ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелерінің қызметін жетілдіру, біліктілігін арттыру, топ мүшелерінің зайырлылық ұстанымдарын пысықтау, АТТ мүшелерін әдістемелік қамтамасыз ету болып табылады.

Аталған шараға Атырау қаласы және әр аудандар бойынша ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері, Дін істері басқармасы Ақпараттық талдау орталығы мен «Шапағат» орталығының мамандары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Курсты Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық талдау орталығының басшысы М.Ғ.Құбышев ашып, мақсаты мен мазмұнына тоқталды.

Сондай-ақ, курста Ақтөбе қаласы, «Аңсар» ақпараттық орталығы басшысының орынбасары, теолог, дінтанушы Талдыбаев Төлеген Өмірзақұлы «Азаматтардың радикалдану себептері және күтілетін қауіптері», «Оңалту жұмыстарының методологиясы және маманға қойылатын талаптар», «Бейімделген азаматтармен жүргізілетін жұмыстардың легі және қайырымдылық сүйемелдеулер» тақырыптарында дәріс оқыды.

Сонымен қатар, Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық талдау орталығының басшысы М.Ғ.Құбышев облыстағы ақпараттық түсіндіру тобының атқарған жұмыстары туралы баяндама жасап, 2020 жылға қойылған міндеттермен бөлісті.

Шара соңы қатысушылармен пікір алмасылып, ұсыныстар тыңдалды. Сонымен қатар дін саласында жалпы профилактикалық жұмыс жүргізуде белсенділік танытып, атсалысқан бірқатар ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қ.Д.Көшқалиевтың Алғыс хатымен марапатталып, сертификаттар табысталды.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close