Жаңалықтар

«Дін де, дәстүр де қоғамды біріктіруші рухани бастаулар»

Арнайы профилактикалық және нүктелі оңалту жұмысын жүргізу үшін ағымдағы жылдың 2020 жылғы 14 ақпан күні Мақат ауданына, Атырау облысынаң «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының теолог маманы Сариев Сұлтангелді іс – сапарға барып қайтты. Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлерімен алғашқы сапардың кездесуіне АТТ мүшелері Үмбетова Руза, Мыңтұрғанов Қуат, Төлешқалиев Есенжан, және аудандық Ақпараттық талдау бөлімінің маманы Алиева Раушан қатысып, түсінік жұмыстарын жүргізді.

Мақат ауданының ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Үмбетова Руза – отбасы-қоғамның маңызды буыны. Көп ұлт мекен еткен мемлекетіміздің негізі осы шағын ұжымдардан қаланады. Осы жағынан келгенде кез-келген отбасы өзін қоғамның бір бөлігі деп түсінуі керек. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі дүниеге ұрпақ әкелу-екіншісі дүниеге келген сәбиді пәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру болып табылады. Алайда, кей жағдайда күнбелікті тіршілік қамымен жүріп, отбасындағы бала тәрбиесіне көп мән бермейтініміз ащыда болса шындық. Қараусыз қалған бала түрлі шырмауларға ілігіп, бұзылып жатады – дейді.

Ал, теолог Сариев Сұлтангелді – дін де, дәстүр де қоғамды біріктіруші рухани бастаулар болып табылады. Сондықтан қоғамдық санада дін қағидаттары мен салт-дәстүрлерімізде қайшылық болмауы қажет – дейді.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде оларға жасайтын имандылық пен сауаттылық қасиеттерді сіңірсек, тәлім-тәрбие берсек, сонда ғана рухы дамыған, Отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз» деді.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close