Жаңалықтар

Мектеп оқушыларына дінге қатысты заң талаптары түсіндірілді

Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, бүгін Атырау қаласындағы №37 орта мектеп оқушыларымен «Діни сауаттылық – дәстүрлі дініміздің тұғыры» тақырыбында кездесу өтті.

Аталған шараға Ішкі істер қызметінің ардагері, Ауған соғысы ардагерлер одағының мүшесі, облыстық АТТ мүшесі Толыбай Шакиров, Атырау облысы Дін істері басқармасының «Ақпараттық талдау орталығы» бөлім басшысы Даурен Мұхамбеталиев, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының теологы Сұлтангелді Сариев және «Жусан» операциясымен Сириядан елге оралған Нұржамал Юсупова қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Заңды білмеу жауапкершіліктен құтқармайды. Сол себепті оқушыларға ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктері» туралы заңның талаптары, сондай-ақ ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 453 және 490-баптарында көзделген құқықтық жауапкершілігі туралы  түсіндірілді.

2019 жылы Атырау облысы бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 490-бабымен 22 тұлға, 453-бабымен 35 тұлға жауапқа тартылды.

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close