Жаңалықтар

БҚО-да 26 тонна медицина қолғабын Мәскеуге апара жатқан жүк көлігі ұсталды

Батыс Қазақстан облысында 26 тонна медицина қолғабы тиелген автокөлік ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі 2029-әскери бөлімі командирінің орынбасары, подполковник Асқар Қазбековтің мәлім еткеніндей, оқиға 16 наурыз күні сағат 19.30-да «Тасқала» өткізу бекетінде орын алды.

Қазақстан Үкіметі медициналық жеке қорғау құралдарын елден алып кетуге тыйым салған болатын. Соған қарамастан, шекарашылар Оралдан Мәскеуге бағыт алған INTERNATIONAL жүк көлігін қараған кезде, одан 26 тонна латекс қолғаптары табылды.

Жүктің ілеспе құжаттарында 3,9 млн қолғап екендігі жазылған. Бағасы – 3,666 млн теңге. Жүк Орал қаласындағы «Торговый UNEX» ЖШС-да тиелген. «Жүк көлігін БҚО бойынша экономикалық тергеу департаментіне тапсыру көзделуде» деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Қазбеков.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close