ЖаңалықтарЭксклюзив

Құлсары қаласында заңсыз миссионерлікпен айналысқан «Иегова куәгерлері» ұйымының мүшелері ұсталды

Durbi.kz. Жылыой аудандық полиция бөлімінің ақпараты бойынша, Құлсары қаласының көшесінде «Иегова куәгерлері» ұйымы мүшелерінің заңсыз миссионерлікпен айналысып жүріп, ұсталған.

Ағымдағы жылдың 10 наурызы күні Құлсары қаласы, 1-ші  ықшам ауданы, №28 үй,16-шы пәтердің тұрғыны Ақмарал Сүлейменованың үйіне екі әйел келіп, өздерін таныстырып (есімдері белгілі себептерге байланысты айтылмайды), «Иегова куәгерлері» ұйымынан екендерін айтып, «Алла Тағала жоқ, Иса пайғамбарға сеніңіз!» деп үгіт-насихат жүргізген. Үй иесі А.Сүлейменова бұл туралы полиция бөліміне арызданған. Бұл дерек бойынша «Иегово куәгерлері» ұйымын насихаттап таратушы екі азаматшадан жауап алу барысында олардың миссионерлік қызметті тарату үшін жергілікті органнан ешқандай рұқсат қағазының жоқтығы анықталды.

Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы, 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама толтырылды. Заңды шешім қабылдау үшін жинақталған іс-құжат пен дәлел ретінде жазылып алынған бейне, аудио жазбалар Жылыой аудандық сотына  жолданды.

Енді Ислам дініне күйе жағып, дінінен безіп, жат ағымның сойылын соғып, миссионерлік қызметпен заңсыз айналысқан қаракөз қыздар заңды жазасын алатын болады.

Заңсыз миссионерлікпен айналысқандардың әрекеті жайлы Халық көргенді билік неге көрмей отыр? (Құлсарылықтар Иегово куәгерлерінің көше аралап уағыз жүргізуіне алаңдаулы) атты мақаламыздан оқи аласыздар.

durbi.kz

Tags

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close