Жаңалықтар

Павлодарлық салафит алаяқтық үшін ұсталды

Durbi.kz. Алаяқтық үшін күдікке ілінген 32 жасар Павлодар қаласының тұрғыны жедел іздестіру шаралары кезінде ұсталды. Оның деструктивті діни ағымды (салафизм) ұстанатыны, бұрын ұрлық үшін сотталғаны анықталды. 

Жеңіл табыс іздеген ол ғаламтор арқылы кір жуатын ұнтақты өте арзан бағаға сатамын деп хабарландыру таратқан. Павлодар қаласының 35 жасар тұрғыны оның қармағына түсіп, 95 дана ұнтақ аламын деп тапсырыс береді. Күдікті толық сомманы өзінің төлем картасына аударуды сұрайды. Ақшаны алып алған соң түрлі сылтаулар айтып, уақыт созып жүреді. Сылтау ретінде «төтенше жағдайға байланысты тауар шекарадан өте алмай тұр» деп те айтады. Кейін телефонын мүлдем сөндіріп тастайды.

Қазір аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сот алдындағы тергеу шаралары жүргізілуде. Бұл жайлы Павлодар облысының полиция департаменті instagram парақшаларында хабарлады.

durbi.kz.

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close