Жаңалықтар

Ораза ұстау – ұлық ғибадат

 Серік ҚАЙРАТҰЛЫ,

Орал қалалық Тулбаев Мухаммед Гариф

мешітінің наиб имамы                                   

 

Аса мейрімді, рахымды, Аллаһтың атымен бастаймын!

        Әссаляму алейкум, құрметті мұсылман бауырлар! Келе жатқан Рамазан айы мүбарак болсын! Қасиетті Рамазан айында тұтқан оразаларымызды, тілеген дұғаларымызды АллаҺ Тағала қабыл етіп, дендеріңізге саулық шаңырақтарыңызға береке және ұзақ ғұмыр берсін. Аллаһ Тағала бүкіл әлемде болып жатқан осы жұқпалы індеттен аман- есен өтуімізді нәсіп етсін!

Төтенше жағдайға байланысты мешіттерімізде жұма, тарауих намаздары оқылмайды. Мешіттерде ауыз ашар берілмейді, бірақ ауызашар беремін деген адамдар болып жатса имамдар ұйымдастырып ауызашарларды үй-үйге таратып жеткізіп беруді қамтамасыз етеміз. Мешіттерде бес уақыт азан шақырылып тұрады, Құран оқытып, пітір-нәпіл садақаларын беруге келушілерді қауіпсіздік шараларын сақтай отырып бетпердемен, төрт адамнан бөліп-бөліп кіргіземіз.

Аллаһ Тағала Құрани Кәрімде «Ей,иман келтіргендер! Сендерден бұрынғыларға парыз болғандай сендерге ораза тұту парыз болды» деп бұйырған.

Пайғамбарымыз(с.ғ.с.) «Рамазан айына жете тұрып, Аллаһ Тағаланың Рақымы мен кешірімінен мақұрым қалған адамның жағдайы қандай өкінішті» деп мұсылмандарды бұл айдың берекетінен мақұрым қалмауға шақырған. Жоғарыдағы аят пен хадисте айтылғандай Рамазан айында ораза тұту әр балиғат жасына толған мұсылман ер мен әйелге парыз.

Аллаһ Тағала құлдарының амал-ғибадатына мұқтаж емес. Керісінше, біздер Аллаһ Тағаланың көмегіне, рахмына, мейріміне мұқтажбыз. Сондықтан да  Жаратушы жаппар иеміздің берген шексіз нығыметтеріне шүкіршілік етіп, оның бұйырғанын орындап, тыйым салғандарынан тыйылып, құлшылық жасайық ағайын! Екі дүниеде де сауапқа кенелтетін Рамазан айындағы ораза жөнінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Кімде-кім рамазан оразасын шын иман және ықыласымен тұтса, оның бұрынғы істеген күналары кешіріледі» деген.

 

Қадірлі мұсылмандар!

     Жалған дүниенің қызығына алданып, ахиреттің сауабынан құр қалмайық! Аллаһ тағала баршамызды Рамазан оразасын шын ықыласымызбен тұтушылардан етіп, қиямет күні ораза ұстағандар ғана кіретін Жәннаттағы Раийан есігінен кірушілер қатарынан етсін.Әмин!

 

Пітір садақа 370 теңге

     Биыл пітір садақасы кісі басына 370 теңгеден белгіленді. Пітірді жергілікті адамдар мешітке, ал төтенше жағдайға байланысты мешітке келе алмайтын адамдар Каspi.kz мобильді қосымшасы арқылы аударуға болады.

 

Сәуір айының 24- і Рамазан айының 1-ші күні

 Мұсылмандардың ай күн тізбесіндегі биылғы қасиетті Рамазан айы 30 күн.

Сәуір айының 23  құптан намазының парызынан кейін үтір намазының алдында күнде тарауық намазы (үйлеріңізден) оқылады.

 

Ауыз бекітер дұғасы

«Ия Аллаһ! Ниет еттім таңсәріден күн батқанша Рамазан айының бүгінгі күнінің оразасын ұстауға. Аллаһу акбар. Әмин!»

Сәресі ішуді ауызжабар уақыты таң намазына 10 минут қалғанда тоқтатқан абзал.

Ауызды ақшам намазының  уақыты болысымен құрмамен, сумен немесе тағы басқа жеміспен ашуға болады.

 

Ауызашар дұғасы

  «Ия, Аллаһ! Саған иман келтірдім,саған шын ниетіммен ораза тұттым. Сенің берген риздығыңмен ауыз аштым. Менің алдыңғы және соңғы күнәларымды кешіре гөр. Әмин!»

Мамыр айының 19-нан 20-на қараған түн «Ләйлатул-қадыр», яғни қасиетті Қадыр түні. 24 мамыр, Құдай қаласа, ораза айт мерекесі болады. Пітір садақасы Рамазан айының 1-ші күнінен Айт намазына дейін беріледі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Кім пітір садақасын берсе, ол пендеге Аллаһ Тағала он жақсылық береді» деген.

Қосымша сұрақтарыңыз болса қалалық мешітке хабарласуларыңызды сұраймыз. Байланыс телефоны: 8 (7112) 51-06-30

Ескерту: Рамазан оразасы барша мұсылмандарға парыз болғандықтан бұл айда күндіз дастархан жайып, садақа беру шариғат бойынша күнә болып есептеледі, сондықтан бұл айда күндіз садақа беруді шариғатымыз құптамайды.

 

Қасиетті Рамазан айындағы ораза ұстау мен намаз оқу кестесі

Орал қаласы бойынша

2020 жыл – хижри 1441 жыл

 

 

 

 

 

Tags

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close