Жаңалықтар

Қайтадан темір торға қамалды

 Қылмысқа тосқауыл қою жолы – жаза. Тура жолдан тайып, қоғамға қиянат жасағандарды түзеудің, шектен шыққан тәртіп бұзушылықты ауыздықтаудың басқа тиімді жолын адамзат әлі ойлап тапқан жоқ. Ендеше еліміздің ертеңіне қауіп төндіріп, күннен-күнге өршіп бара жатқан қылмыстардың жазасын күшейту керек.

Қазақстан аумағында COVID – 19 пандемиясы таралып, оны алдын алу мақсатында санитарлық-эпидемиялық нормаларды сақтау жүйесі енгізілген. Соған сай Атырау қалалық №2 сот жұмыстары тоқтамай, онлайн режимдерде өтуде.

ҚР ҚК – нің 297-бабы 1-бөлімімен 5 жылға сотталған, ҚР ҚК-нің 73-бабымен мерзімінен бұрын босатылып,  Атырау қалалық пробация қызметінің есебіне алынған сотталған азамат Ж.В. қайтадан темір тордың аржағына жөнелтілді.

Ж.В. сот жүктеген міндеттерін орындамай, жазаны өтеуден қаскөйлікпен жалтарған. Осыған орай, ҚР ҚК-нің 44-бабының-3 бөлігіне сай бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру жөніндегі Пробация қызметінің ұсынымын сот қанағаттандырды. Ол бүгінде ҚАЖД УГ – 157/9 мекемесінде жазасының қалған бөлігін өтеуде.

Әсел РАХМЕТОЛЛАҚЫЗЫ,

Пробация қызметі бөлімінің инспектор – психологы,

әділет лейтенанты,

Атырау қаласы

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close