Жаңалықтар

БҚО-ның бас имамы діни жоралғыларға жиналмауға шақырды (ВИДЕО)

Облыс бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар туралы статистика күн сайын өршіп, дерт діндеп келеді. Соңғы тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 29 адам анықталды. Індеттің ілмегіне ілінгендердің жалпы саны — 1186. Қауіп әлі сейілген жоқ. Бірақ, тұрғындар арасынан жаппай діни шаралар ұйымдастыратындардың қатары тыйылар емес. Осыған байланысты облыстың бас имамы Мұратбек Қыстаубаев үндеу жасады.

-Адамдардың карантин талаптарын сақтамай отырғаны қынжылтады. Діни жоралғыларды өткізуді тыя тұруға шақырамыз. Адам өмірден өткен кезде оны жерлеу парыз болатын болса, ал оның артынан берілетін садақалардың барлығы қосымша амалдар. Яғни, ел аман, жұрт тыныш кезде берсе болатын амалдар. Сондықтан, Алла амандығын берсе, карантин біткеннен кейін де өткізуге шақырамыз. Елдің амандығы, өзімізге, туғандарға деген жауапкершілікті әрбір мұсылман сезінсе екен дейміз,- деді Батыс Қазақстан облысының бас имамы Мұратбек Қыстаубаев.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close