Жаңалықтар

«Шартты түрде сотталған» жедел профилактикалық шарасы өтуде

15 – 25 маусым аралығында республика аумағында «Шартты түрде сотталған» жедел профилактикалық шарасы  өтуде.

Аталмыш шара ҚР ІІМ-ның 2019 жылғы 30 желтоқсандағы №185 бұйрығымен бекітілген ҚР ІІМ 2020 жылға арналған Операциялық жоспарының 86-шы тармағын орындау үшін , сондай – ақ пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын – алу бойынша полиция бөліністерінің және пробация қызметтерінің өзара іс – қимылының тиімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған.

Шараның басты мақсаты- тексеру кезінде қайта құқық бұзуға және қылмыс жасауға бейім сотталғандарды анықтап, алдын алу шараларын қолға алу.

Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты Атырау қалалық пробация қызметі бөлімінде есептік мерзімі аясында қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталған барлығы 808 адам есепте тұр.

Шара аясында әр инспектор қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес сотталғандардың тұрғылықты мекенжайында тексерістер жүргізуде. Сонымен қоса, сотталғандарға бақылаудан жасырынып немесе жазасын өтеуден жалтарған жағдайда тиісті шаралар қолданылатыны, қайта қылмыс жасаған және құқық бұзған жағдайда қайтадан бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру жауапкершіліктері түсіндірілуде.

Әсел РАХМЕТОЛЛАҚЫЗЫ,

Пробация қызметі бөлімінің инспектор – психологы,

әділет лейтенанты,

Атырау қаласы

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close