Жаңалықтар

“Иманғали” мешіті Есбол ауылының мұқтаж отбасына баспана кілтін тапсырды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының “Ел үлесі – пәтерге” жобасы аясында 248-ші баспана Атырау облысы, Индер ауданының Есбол ауылында тұратын отбасына бұйырды.

Үш баланы тәрбиелеп отырған мұқтаж отбасына баспана кілтін Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы барып тапсырды, деп хабарлады орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз қызметі.

“Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты “Зекет” қайрымдылық қоры бар. Осы қор арқылы, ел бойынша көптеген мұқтаж отбасыларына баспана тапсырылып келеді.

Атырау облысы бойынша, “Ел үлесі – пәтерге” жобасы аясында тоғызыншы баспана беріліп отыр. Бұл бағыттағы қайырымдылық шаралар жалғасады” дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

“Барша атсалысқан жандарға, соның ішінде “Иманғали” мешіті ұжымына Алла разы болсын. Шыны керек, құлағалы тұрған үйімізде кішкентай Раяна дүниеге келген уақытта қатты уайымдадық. Үйіміз қыс ішінде құлап қалса қайда баратынымызды елестете алмай жүрдік. Өте қуаныштымыз. Осындай баспана бақыты барша мұқтаждарға бұйырсын” дейді Рамазановтар отбасы.

 

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close