Жаңалықтар

Дін саласы мамандары Петропавл қаласында тәжірибе алмасты

Петропавлда СҚО дін істері жөніндегі басқарма өкілдері үшін интернет кеңістігінде жұмыс істеу бойынша семинар өтіп жатыр, деп хабарлады QYZYLJAR телеарнасы.

Семинарда деструктивті діни идеологияға бейім тұлғаларды анықтау, әкімшілік тәжірибені қолдану, алдын алу жұмыстарын жүргізу тақырыбында өзекті мәселелер қаралады. Дін саласындағы уәкілетті органдар жұмысының басым бағыттары мен тетіктері қарастырылады. Бір жағынан дін өкілдерінің өзара тәжірибе алмасу алаңына да айналмақ.

ЕРЛАН ЕРҒАЛИЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

– Көбінесе интернет желісінде теріс ақпараттар таралып жатады. Бұл жастарға өте қауіпті. Жаңадан дінге келіп жатқан жастардың адасып кетуіне бірден-бір жолы осы, жастардың көкейінде дінге қатысты қандай-да бір сұрақ туындаса осы интернетке жүгінетіні бар. Осы кезде біз жастарға тек дұрыс дінді үйрене білуіміз керек.

САЛТАНАТ МЕЙМАНОВА, СҚО ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

– Бұл семинардың біз үшін маңызы ерек. Мұнда дінге қатысты ең өзекті деген мәселелер талқыға түседі. Бұл профилактикалық жұмыс, сондай-ақ дін саласындағы бұзушылық бойынша ҚР заңнамасына қатысты әкімшілік практика.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close