Мақалалар

Діни фанатизм – дәстүрлі діннің қас жауы

Фанатизм ( лат. Fanaticus – булыққан, буырқанған ) – жанкештілік пен бірбеткейлікке салынып, ақиқаттылығына  қарамастан ешкімнің көзқарасына құлақ салмай, соқыр сенімге еліктеу. Бұл – ислам дініне жат әрі қабылданбайтын сипат. Құрандағы бірқатар аяаттар мен хадистер ислам дінінін ұстанушы мұсылманды ағымдардың тар шеңберінде шектеліп қалмай, кең көзқараста болуды, айналасындағы құбылыстарды зерттеп, Құдайдың құдіретін тануға үндейді. Алайда бұл ақиқаттарды тану үшін белгілі діни білім қажет. Өкінішке орай, тәңір мен сенім туралы білімді аңсап, іздеген отандастарымызды тура жолдан экстремистік  бағытты насихаттайтын топтар өкілдері тайдыруды көздеуде.

Қоғамда кездесетін діни фанатизімнің ең қауіпті жағы – радикалды әрі агрессиялық пікірде бекем тұрып, өзгелердің көзқарасын жоққа шығарып, қабылдамау. Мысалы, соңғы уақытта елді үрейлендірген «ұлы жихад» ( үлкен күрес ) терминін діни  тұрғыдан жастарымызға деструктивті ағымдарда «қолға қару алып немесе өзін- өзі жару арқылы жасалатын күрес» деп түсіндірлсе, фанатизммен іске кіріскендерді дін мамандарына тоқтату қиындықа соғады. Тіпті, шариғаттың негізі болған Құран мен хадистен  дәлел келтіріп, ұстанған сенімдері қате, шынында үлкен күрес олардың ойлағандарындай емес, керсінше, «өз нәпсіңмен күресу» екендігін сендіру оңайлыққа  соқпайды. Өйткені, әуелден ақиқаттан хабары жоқтарға бұл жалған ой әбден насихатталып, миларына сіңіп қоймай, бұрмаланып фанатизмге айналдырылған.

Діни іліммен сусындау барысында жастарымыздың Жаратушыға деген кіршіксіз сенімнің қырып-жойған діни фанатизмге алмасуына жол берген жағдайда діни қауіпсіздікпен қатар ұлт қауіпсіздігін қауіп- қатерге ұшыратамыз. Бұл мәселенің бірден – бір шешім жолы- деструктивті ағымдардың насихаттау жолдарын тыю мен дәстүрлі ислам дінін уағыздау арқылы сенімге деген оң көзқарасты жаңғыртып, қалыптастыру әрі дін жайында халықты сауаттандыру. Мешіттегі имамдардың айтқан уағыз- насихаттарына ұлтық болашағы болатын жастарымыз құлақ асып тыңдап, Елбасы айтқандай, жұртымызға жат болған ағымдардың арбауына қарсы тұратын ішкі «сүзгіні» нығайту. Ол үшін бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.

                                                                                                                       Ж.Қалмурзаев,

Ақтау қаласы

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close