Жаңалықтар

«Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік қызметін көрсетудің өзекті мәселелер

Дәл осындай тақырыппен бүгін, 10 қарашада Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежановтың төрағалық етуімен жергілікті атқарушы органдар мен дін саласындағы мекемелердің мамандарына және де діни бірлестіктер мен стационарлық үй-жайлардың өкілдеріне арналған республикалық әдістемелік семинар өтті.
Е.Нүкежанов өзінің кіріспе сөзінде «Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік қызметінің мақсаты – діни мақсаттағы объектілер мазмұнының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін анықтау, сондай-ақ халық арасында деструктивті діни идеологияның таралуына жол бермеу болып табылатынын атап өтті.
Сонымен қатар алдағы уақыттарда дінтану сараптамасын оңтайландыру және қолжетімділігін арттыру бойынша жоспарланып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Семинарда электронды қызмет алудың оңтайландыру жұмыстарына қатысты дін істері комитеті, дінтану сараптамасы басқармасының бас сарапшысы Г. Күшербаева баяндама жасады.
Іс-шараға дін істері комитетінің, дін істері басқармаларының және дін проблемаларын зерттеу жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемелердің, діни бірлестіктердің өкілдері мен мемлекеттік қызметті алушылар (жеке және заңды тұлғалар) қатысты.
Спикерлер дінтану сараптамасын жүргізудің ерекшеліктерін және оның қоғамдағы маңыздылығын қозғады.
Семинар барысында сындарлы пікір алмасып, нәтижесінде кездесуге қатысушыларға нақты ұсынымдар берілді.
Tags

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close