Басты тақырыпСұқбат

Құранда білім алу орамалдан бұрын парыз болған

ҚР Білім және ғылым министрлігі барлық орта мектептер, колледждер, лицейлер үшін міндетті форма талаптарын бекіткен. Ол білім берудің зайырлы сипатын іске асыруға және орта білім беру ұйымдары оқушыларының арасында әлеуметтік, мүліктік және басқа да өзгешелік белгілерін жоюға бағытталғаны белгілі. Сонымен қатар білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай мектеп формасының үлгісін, түсін реттейді. Алайдабүгінде еліміздегі орта білім беру мекемелеріне қыз балалардың орамал тағып келу мәселесі өзекті болуда. Осыған орай, теология ғылымдарының докторы, белгілі дінтанушы Балғабек Мырзаевпен әңгімелескен едік.

– Балғабек Әбдіқайымұлы, еліміздегі білім беру мекемелерінде хиджаб киген қаракөздеріміздің саны анықталған ба? Бұл турасында Ата Заң не дейді?

– Қазіргі таңда республика мектептерінде оқитын қыз балалалардың саны 1 444765 адамды құрайды. 1 қарашадағы мәліметтер бойынша осы санның ішіндегі хиджаб киюге қатысты көрсеткіш 2171 болған. Осыған дейінгі теологтардың мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде орамалын шешкен оқушылар да баршылық. Өкінішке қарай, Білім және ғылым министрлігінің өкілдері сабақ кезінде хиджабын шешуге көнбей, мектепке бармай жүрген 193 фактінің тіркелгенін айтуда. Бұл ахуал, негізінен, еліміздің батыс өңірлерінде орын алған. Ал кейбір аймақтарда орамал таққандарға көз жұмып қарау фактілері бары жасырын емес.

Еліміздің негізгі заңы ар-ождан құқығын белгілейді, ол – рухани категориялар, ішкі әлем және наным. Мектептерде орамал тағу және діни киім кию – ар-ождан еркіндігіне жатпайтын сыртқы көріністер. Бұдан басқа, Конституцияның 22-бабы 2-тармағында ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпыадамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс деп көрсетілген. Мұндай міндеттерге әрбір қоғамдық қарым-қатынас, оның ішінде білім беру саласында ішкі қағидаларды сақтау жатады.

Мектеп формасына қойылатын біріңғай талаптар – әрбір қазақстандық үшін орта білім беру мекемелерінде міндетті түрде орындауға жататын нормативтік қағида. Мемлекет жоғарыда айтылғандармен оқушының ішкі жан дүниесін шектемейді, құқығын бұзбайды, сондай-ақ ата-аналардың сеніміне араласпайды. Тек қана білім беру саласында жалпыға ортақ қабылданған ішкі мінез-құлық қағидасын орындауға үндейді. Орта оқу орындарынан тысқары және сабақ аяқталғаннан кейін әркім өзінің қалайтын киімін киюге еркі бар.

 

– Осы бағытта құзырлы органдар қандай шаралар атқаруда? Мектеп формасын міндеттейтін құжаттар орындалмаған жағдайда қандай әкімшілік шаралар қолданылады?

– Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен және теолог-ғалымдарды тарта отырып, арнайы орта білім беретін мектепте хиджаб киетін қыздардың ата-аналарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Бұдан бөлек, мектеп формасының талаптарын сақтауға қатысты мәселе тек орамалмен ғана шектеліп қалмағанына назар аударған жөн. Атап айтқанда, сабаққа қысқа юбка, қымбат бижутериялар, бағалы әшекей заттар, шектен тыс сәнденіп, боянып, ашық-шашық келетін, жалпы бекітілген мектеп формасындағы талаптан тыс киінетін оқушыларға да шаралар қабылданатын болады.

Яғнимемлекет тек хиджаб тағу мәселесімен ғана емес, жалпы оқушылардың әлеуметтік теңсіздігін жою бағытында жұмыс жүргізіп отыр. БАҚ беттерінде, әлеуметтік желілерде тек хиджабпен күресіп жатқандай көрсету – мәселеге біржақты қарап отырғандардың қитұртқы әрекеттері. Осыған хиджаб киетін қыздардың ата-аналары ерекше назар аударса деймін.

«Білім туралы» Заңның 47-бабы 15-1-тармағында «Орта білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілегенміндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті» деп жазылған. 49-бабының 2-тармағында «Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға міндетті» деп көрсетілген.Осы заңның 5-бабына сәйкес, білім беру саласындағы уәкілетті орган «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді» деп көрсетілген.

Оған қоса, 49-бапта жазылғанындай, ата-аналар мен өзге де заңды өкілдербалалардың оқу орнына баруын қамтамасыз етуге, білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға, білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті. Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығы, көріп отырғанымыздай, заң талаптарын ретке келтіру мақсатынан туындап отыр. Ата-аналарға және орамал тағатын немесе басқа да бұйрыққа қайшы келетін мектеп формасын киетін қыз балаларға осыларды түсіндіру жұмыстары барынша ашық жүргізілуде. Егер осы жұмыстар нәтиже бермесе, онда мектеп формасының талаптарын орындамаған қыздардың ата-аналарына айыппұл салу туралы заң нормаларын қолдану мәжбүрлігі туындайды. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 409-бабына сәйкес, ата-аналар балаларының мектеп формасын сақтау туралы талаптарын орындаудан бас тартқан жағдайда бірінші мәрте 10 АЕК мөлшерінде, қайталанған жағдайда 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған.

 

– Балғабек Әбдіқайымұлы, біздің елімізде діни білім беретін оқу орындары да бар емес пе? Бәлкім, орамалын шешкісі келмеген оқушы оқуын сонда жалғастырғаны жөн шығар?..

– Әрине, мұны да баламанұсқаретіндеқарастыруғаболады. Хиджабыншешпейміндегенқыздардыңеліміздегіқызбалалардықабылдайтын медресе-колледждердебілімалуынамүмкіндігі бар. Қазіргі уақытта қыздарға арналған Сарыағаш, Шымкент, Үшқоңыр медресе-колледждеріжұмысістейді. Сондай-ақзаңнаманыңешқандайнормасынақайшыкелмейтіндейтәртіппенақылынегіздемектепмұғалімінүйінешақырыпжалғастыруғанемесежекеменшікмектептердебілімалуғаболады.

Ал, жалпыалғанда,Қазақстандамемлекеттікбілім беру жәнетәрбиелеужүйесізайырлысипатқаиежәнедінибілім беру жүйесінен бөлінген. Сондықтанмектепкехиджабпенкелетінқыздардыңата-аналарынамемлекеттің, мектептіңталаптарына құрметпен қарауын, мемлекеттің заңына бағыну қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстарынжалғастыра беру керек.

 

– Енді мынаны айтыңызшы, сол қыздарына орамал таққызған ата-аналар бұл талапты қайдан алды, мұндай қадамға неге барады? Әлдеисламда қыздардың білім алуы маңызды емес пе?

Ислам дінінде адамдар жынысына қарамастан, жаратылысынан тең болғандықтан, әйел мен ер адамдарға білім алу бірдей парыз етілген. Қазіргіжаһанданғандүниеде, зайырлыбілімсапасытұрғысынанелімізбасқаларментерезесітең болу мақсатын ұстанады. Сондықтанортамектептеоқитынкезкелгеноқушыныдінатрибуттарынжелеуетіп, мемлекеттікмекемедеоқшаулануына, даралануына, ерекшеленуінежолберілмейді. «Мектеп жасына жеткен барлық баланың білім алуы шарт» дейтін болсақ, мектеп киіміне қатысты жаңадан бекітілген талаптардан ешкім аттап кете алмайды.

Рас, кейбір бауырларымыздың мектептегі қыздардың орамал тағу мәселесіне байланысты ұстанымдары біржақты болып келеді. ЯғниҚұранКәрімдегі «Нұр» сүресінің 31-аятындағы Алланыңқызбалағаорамалтағукерекдегеніннегізгідәлелетіпалғатартады. Әрине, әрбірмұсылманпендеорамалдыңбалиғатжасынатолғандарғапарыз, міндетекенінбіледі. Оғаниланадыжәнекәмілсенеді. Соныменқатароныңбалиғатжасынатолғаннанкейінталапетілетініненазараударады.Ислам діні балиғат жасына толмаған қыздың орамал тағуын талап етпейді. Шариғатымызорамалтағудыңтүпкімәні мен маңызын, үкімінтүсінбейтінкішкентайбүлдіршінніңбасынажаулықжабудыміндеттемейді. Ал қызбаланыңбалиғатқатолуыноның тек 9 жасқакелуіменшектепқоюғаболмайды. Ислам ғұламаларыныңпікірінше, жағдаятынабайланыстықыз бала 12-13 жаста да немесекейін де (14-15 жас) балиғатқатолуымүмкін.

Әрбір мұсылман қыз бала орамалдың қадір-қасиетінтереңтүсініп, жауапкершілігінсаналытүрдесезініп, Алланыңәмірінөзеркіменорындауы – аса маңыздыамал. ҚасиеттіҚұрандаисламдазорлықжоқекендігі баяндалған. Мектептабалдырығынендіғана аттаған бүлдіршінді жаулықжабуғамәжбүрлеуденбұрыноғанеңәуелібілім мен тәрбиебергенабзал. Бұл – ата-ананыңбастыміндеті. Өйткенібілімалу – Құрандағыең алғашқы бұйрық. Сондықтанбізбілімжолынакедергіболыпжатқанмәселелергекелгендеқызымыздыңбілімалуынарұқсатберуімізкерек.

 

– Балғабек Әбдіқайымұлы, сөз орайында исламдағы білімнің маңызы жөнінде айта кетсеңіз, әсіресе, әйелдердің білім алуына қатысты шариғат не дейді?

–Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) осы тұрғыда: «Аллаға жақындататын білім үйренбей өткізген күннің мен үшін ешқандай қайыры жоқ»деп айтқан хадисі білімнің қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді. Өйткенібілім адамзаттың мәртебесін көтеріп, кішіпейіл болуға ықпал етеді. Арам ой-пиғылдан арылтып, шындықты түсінуге, қолынан келгенше жақсылық жасауға шақырады. Алла тағалағылымменшұғылданып, үйренгендерінбойынасіңіребілетінғалымдарды жоғары мәртебеге шығаратынынҚұранКәрімдебылайбаяндайды: «Алла тағаласендерденсондайиманкелтіргендердің, ғылым бергендердің дәрежелерін көтереді».

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) біздіңбілімгедегенынтамыздыарттыруүшінбылайдеген:«Кімде-кімбілімүйренгісікелсе, Алла оладамғажұмаққабаратынжолдыжеңілдетеді. Періштелероныңәрекетінұнатқандықтан, үстінеқанаттарынкереді. Аспан мен жердегі,тіптісудыңішіндегібалықтар да ғалымдарүшінАлладанкешірімтілейді. Ғалымныңжайқұлдарданартықшылығыайдыңөзгежұлдыздарданартықшылығынаұқсайды.Ғалымдар – Пайғамбарлардыңмирасқорлары. Пайғамбарлар алтын мен күмісті мирасқа қалдырмайды, тек қанабілімдімирасетіпқалдырады. Олмирастыалғанадаммолшылыққакенеледі».

Негізі,адамныңбіліміартқансайынАллағадегенсенімі, құрметі, қорқынышыартады.Жалпы, білім алу – исламның ең басты құндылығы. Сол себептіҚұранның ең алғашқы аяты «Оқы! ЖаратқанАлланыңатыменоқы!» дептүсті. Алланыңбұлжерде «Оқы!» депотырғанықайкітап? Ол – екікітап: бірі – Құранкітабы, екіншісі – физикалықжәнеметафизикалықжаратылыскітабы. Алжаратылысілімінен хабары жоқадамҚұрандыдұрыстүсінеалмайды. Осы тұрғыданалғанда, мектепқабырғасындаоқытылатын химия, математика, биология және тағы басқа пәндердіңбарлығыдүниеніңқұдіретінтануғажолашады.Сондай-ақ аспан мен жер жаратылысы, күн мен түннің алмасуы, күн мен айдың белгілі бір жүйеде қозғалуы, адамның жаратылуы сияқтыАлланың бар екенін дәлелдейтін әрі терең ойлануға жетелейтін түрлі құбылыстар тек қана білім арқылы болады.

Әл-Фараби, Ибн Сина, Ибн Хальдун, Идриси, әл-Бируни, әл-Хорезми, Ибн Батут, әл-Баттани, Джабир ибн Афләх, әр-Рази, әл-Ғазали сияқты көптеген ғалымдарымыздың білім жолына түсуіне жоғарыдағы аят-хадистер себеп болғаны анық. Сондықтан мектеп жасындағы баланы имандылыққа баулып, оған білім үйрету – әрбір адамның азаматтық әрі мұсылмандық борышы. Діни һәм зайырлы білім – болашақтың кілті.

 

– Әңгімеңізге рақмет!

Maturidi.kz

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close