Газет туралы
«Дүрбі» аймақтық қоғамдық- танымдық газетінің алғашқы саны 2016 жылдың 22 желтоқсанында Орал қаласында жарыққа шықты. Газет діни теріс ағымдар мен секталарға, діни терроризм мен экстремизмге қарсы ақпараттық танымды ұстанады. Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарына таралады. Газеттің кеңсесі Атырау облыстық дін істері басқармасының қолдауымен Атырау қаласында орналасқан.