Басты тақырыпЖаңалықтар

«Дүрбінің» ресми сайты жұмысын бастады

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!

  Құрметті Ұлдай ҚАБОШҚЫЗЫ!

 Құрметті «Дүрбі» аймақтық газетінің ұжымы!

 Асыл дінімізді насихаттауда, сан ғасырлық тарихы бар ислам өркениетін дәріптеуде елеулі үлес қосып келе жатқан «Дүрбі» аймақтық газеті отандық ақпарат кеңістігінде өзіндік орны бар басылымға айналды. Қасиетті Құрбан айт қарсаңында газет өзінің ресми сайтын ашып, оқырмандарын тамаша жаңалықпен сүйіншілеп отыр.

Қазақ қоғамында дінді күрделендіріп отырған мәселелер өте көп. «Дүрбі» осындай күрделі жайттарға терең бойлап, мәселені жан-жақты сараптауымен де ерекшеленіп келеді. «Дүрбі» газетінің ресми сайты аз уақыт ішінде өзінің оқырмандарын табарына сенемін. Ислам дінін, сан ғасырлық тарихы бар ұлтымыздың дәстүрін, салт-санасын, құндылықтарын насихаттау жолындағы қайырлы істеріңіздің Алла Тағала берекесін нәсіп еткей!

Құрметпен, Батыржан МАНСҰРОВ,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, мүфтият жанындағы Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close