Жаңалықтар

Атырауда халал өнімдер жәрмеңкесі ұйымдастырылды

«Иманғали» орталық мешітінде Атырау облысы дін істері басқармасының «Ақпараттық талдау орталығы» КММ-ның тапсырысы аясында «Шапағат» ҚҚ халал өнімдер жәрмеңкесін ұйымдастырды. Жәрмеңкеде әйелдер жамағатының үй жағдайында әзірленген кондитерлік өнімдері мен «Халал» маркалы тауарлар сатылды.

Бүгінде елімізде адал ас тұтынғысы келетіндер өте көп. Бұл – біздің мұсылмандығымыздың белгісі. Адал ас арқылы біздің сеніміміз бен бір-бірімізге құрметіміз, болашаққа деген үмітіміз, мейрімділігіміз арта түседі деген ниетпен аталмыш шара қасиетті жұма күні өткізілді.

Шараға «Шапағат» ҚҚ психологы С.Нұрбекова, теолог мамандары Н.Жетпісбай, М.Рустамқызы, А.Нұрғалиева және басқа да теолог мамандар қатысты. Жұма намазына жиналған жамағат жәрмеңкеде сатылған тағамдарды түгелдей сатып алып кетті.

 Жанат ЖҰМАҒАЛИЕВА,

«Шапағат» ҚҚ-ның баспасөз тілшісі

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close