Басты тақырыпЖаңалықтар

Білім министрі хиджаб киетін оқушыларға қатысты мәселеге нүкте қойды

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мектепте хиджаб киюге қатысты ведомствоның ұстанымын еске салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Хиджабқа тоқталсақ, оған мектептерде тыйым салынған. Біздің позиция өзгерген жоқ. Мектеп бағдарламасы барлығына бірдей екенін білесіздер. Сондықтан мектептерде кез келген оқыту үрдісі біз қабылдаған бағдарламалар бойынша мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары аясында жүргізіледі. Яғни, осы талап баршасына қатысты. Осы тұрғыда біздің ұстаным өзгермегендіктен, қоғам бұған түсіністікпен қарайды деп үміттенеміз», – деді Ерлан Сағадиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында.

Естеріңізге сала кетейік, біраз жыл бұрын Білім министрлігі мектепке xиджабпен келетін оқушыларға қатысты ресми ұстанымын білдірген болатын.

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close