Жаңалықтар

Нұр-Мүбаракта жаңа проректор

Нұр-Мүбарак университетіне  Каир қаласында өткен Қамқорлар кеңесінің шешіміне сай, ұжымға белгілі ғалым, PhD, доцент Қайрат Құрманбаев проректор болып тағайындалды.  

«Нұр-Мүбарак университеті тек Орта Азия ғана емес Азиядағы беделді оқу орнына айналады деген сеніміміз зор. Сіздермен бірлесе отырып, университеттің нақты 5 жылға арналған даму  стратегиясын бекіту керек деп есептейміз. Діни білім беруді арттырып, еліміздегі жат ағымдар мен деструктивті топтарға тосқауыл қоя аламыз. Біздің министрлік білікті ұлттық діни кадрлар даярлауға мүдделі мемлекеттік орын ретінде сіздермен тығыз жұмыс істеуге және жан-жақты қолдау көрсетуге дайын», – деді жиында ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Берік Арын.

Осы кезге дейін ұжымды айрандай ұйытып келген, еліміздегі ислам ғылымы, дін мамандарын даярлаудағы  профессор Шамшәдин Керім мырзаның 17 жылдық ерен еңбегіне алғыс айтылып, ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Калетаевтың Алғыс хаты табысталып, иығына  шапан жабылды

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close