Жаңалықтар

Министр мешітте болды

Бүгін Батыс Қазақстан облысына ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев келді. Қасиетті жұмада мәртебелі мейман облыстық орталық мешітте болды, деп хабарлады «Пульс» газеті.

Мәртебелі мейманмен бірге облыс әкімі Алтай Көлгінов, облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов, облыстық дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Төлепов, облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы Арман Нұрахметұлы, орталық мешіттің найб имамдары болды.

Министр Дархан Аманұлына ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов облыстағы діни ахуал жайлы жан-жақты айтып берді. Министр елімізде діни басқармамен бірге тығыз байланыста атқарылып жатқан маңызды жұмыстарға тоқтала келіп, алда тұрған келелі міндеттер жайын сөз етіп, кеңінен жеткізді. Кездесуден кейін облыс имамы қасиетті Құран Кәрімді оқып, ата-бабалар рухына бағыштады.

durbi.kz

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close