Жаңалықтар

Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде наиб имамдар тағайындалды

Дін саласының жаңа қызметкерлерін жұма күні жергілікті жамағатқа Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров таныстырды, деп хабарлады аталған мешіттің баспасөз қызметі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен орталық «Иманғали» мешітіне наиб имамдыққа Ерболат Боханов және Мақсат Алпысбай тағайындалды. Жас мамандардың жұмысына сәттілік тілеген орталық «Иманғали» мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров наиб имамдардың өмірбаянымен таныстырды.

Айта кетелік, Боханов Ерболат Бақытжанұлы 1995 жылы 26 қыркүйекте Тараз қаласында дүниеге келген. 2012 – 2016 жылдар аралығында «Қордай» медресесінде оқыған. Соңғы екі жылы Түркия астанасы Стамбул қаласындағы «Имам Абу Ханифа» атындағы ислам институтында білім алды.

Махсат Қайратұлы 1993 жылы 22 қыркүйекте Түркістан облысы, Кентау қаласында дүниеге келген. 2012-2016 жылдар аралығында Алматы қаласында орналасқан «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде бакалавриат дәрежесіндегі исламтану мамандығында білім алды. Кейін аталмыш университетте магистр дәрежесіндегі дінтану мамандығын тәмамдады.

durbi.kz

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close