Жаңалықтар

Жастардың жат ағымдарға кетуі – заманымыздағы басты қасіреттердің бірі

Жастардың ата-бабамызда жоқ, ислам дінімен астасқан ғұрыптарымызға мүлдем қайшы келетін жат ағымдар қатарынан табылып жатуы – заманымыздағы басты қасіреттердің бірі болып тұрғанын жасырып-жаба алмаспыз. Шетелдерде болып жатқан қанды оқиғаларды, араб елдеріндегі соғыстарды сол теріс ағымдардың әрекетінен туындаған дейді. Біздің елімізде де өзне ағымдар өкілдері тарапынан ұйымдастырылған лаңкестік әрекеттер орын алып жатты. Бір жақсысы, бұлардың барлығы шығынсыз болмағанымен, дер кезінде ауыздықталып, істің насырға шабуына жол берілмей келеді.

Адамзатқа қауіп төндіретін кез-келген жаман әдеттің алдын алу шаралары уақытылы қолданылса, одан келетін қатердің де жолы кесілетіні анық. Исламды қаралап, дінімізді әлемге жеккөрінішті етіп көрсетіп жүрген дін атын жамылған топтарға қарсы шаралар өткізуге машықтанып қалған Ақтау қалалық «Бауырлас жауынгерлер» қоғамдық бірлесітігі өңір жастарын жат ағымнан қорғау мақсатында тағы жаңа жұмысты бастады. Бұл туралы Түпқараған ауданының орталығы Форт-Шевченко қаласында болған кездесуде әңгіме болды.

– Біз Түпқараған аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің әлеуметтік тапсырысы аясында нақты жұмыстар жүргіземіз, – деді қоғамдық бірлесітік төрағасы Матжан Шаулиев.

-Жоба тақырыбы – Деструктивті діни ағымдарға қарсы имунитет қалыптастыру үшін алдын алу және жеке жұмыстарды ұйымдастыру. Ондағы мақсаттың жастарымызды жат діннен арашалау екені баршаңызға белгілі. Жастар мәселесі – болашақ мәселесі болғандықтан шараларымызға барлығыңыз да белсенді қаттысады деп сенемін. Теолог Дәурен Өрісбаев, ауданның найып имамы Абдусамад Шералыұлы кездесуге қатысушылардың сауалдарына жауап берді.

Бәтима Абдулла

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close