Жаңалықтар

Ақтөбеде 26 адамның қызылшамен ауырғаны анықталды

Ақтөбе облысы бойынша 26 адам қызылшамен ауырды. Науқастармен байланыста болған 390 адамға медициналық бақылау белгіленді деп жазды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облысында қызылша жұқтырғандардың алғашқы легі 2018 жылдың қараша айында тіркелді. «2018 жылдың қараша айынан бастап осы жылдың 13 ақпан аралығында Ақтөбе облысында қызылша жұқтырғандардың 26 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 18 жағдай,  1 жасқа дейінгі балалар арасында – 10 жағдай. Ауру әртүрлі себеппен қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар арасында тіркелген. Ауырған 18 баланың 6-ы денсаулық жағдайы бойынша медициналық қарсы көрсетілімдер бойынша егілмеген, 2-і ата-анасының вакцинациядан бас тартуына байланысты, 10 бала жасқа толмауына байланысты егілген жоқ», – деп хабарлады облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменінің баспасөз қызметі.

Инфекциялық аурудың одан әрі таралуын шектеу мақсатында Ақтөбе облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті  қызылшаға қарсы екпе алмаған адамдарды анықтады. Сонымен қатар, науқастармен байланыста болған 390 адамға медициналық бақылау белгіленді.

«Қызылшаны емдеудің тиімді және ерекше әдісі жоқ. Сондықтан қызылшадан жалғыз және тиімді қорғау әдісі  вакцинация болып табылады.Қазақстанда қызылшаға қарсы егу екі рет жүргізіледі.  Бірінші екпе 1 жаста және екіншісі 6 жаста», – деді баспасөз қызметі.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close