Басты тақырып

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі құрылды

Бүгін Н. Назарбаев ҚР мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды.

Жарлықта «Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі, оған Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен ақпарат саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, оны Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі таратылсын» делінген.

Қысқартылған Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің функциялары Қоғамдық даму министрлігіне берілді. Ол Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен ақпарат саласындағы функциялар мен өкілеттіктер беріле отырып, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі болып қайта жасақталды.

Премьер-министр кеңсесінің басшысы Нұрлан Алдабергенов Қазақстан премьер-министрінің тапсырмасы бойынша Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына Дәурен Абаевтың кандидатурасын ұсынды. Мәжіліс кандидатураны қолдады.

durbi.kz

 

 

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close