Жаңалықтар

Шымкентте ұсталған қылмыстық топтың діни себептермен қылмыс жасауының фактілері тексерілуде

Шымкентте жергілікті бизнесмендерден тұрақты түрде ірі ақша сомасын бопсалап келген ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

«ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Ұлттық ұланның арнайы бөлімшесін қатыстырумен жергілікті бизнесмендерден тұрақты түрде ірі ақшалай қаражатты қорқытып алумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесін ұстады.  Қылмыстық топтың мүшелері бірқатар зорлық-зомбылық, оның ішінде атыс қаруын қолданумен қылмыстар жасады деп күдіктелуде. Ұйымдасқан қылмыстық топтың денін бұрын ауыр қылмыстар жасағаны үшін бірнеше мәрте сотталған деструктивті діни ағымды ұстанушылар құраған», – делінген ҰҚК хабарламасында.

Мәлім болғандай, топ мүшелері кезекті кәсіпкерден күш қолданумен 10 мың АҚШ долларын қорқытып алу кезінде ұсталған.

«Бірқатар тінту жүргізіліп, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің қару-жарақ арсеналы бар жасырын орны анықталып,  5 бірлік атыс қаруы және оларға оқ-дәрілер алынды. Қазіргі уақытта олардың діни себептер бойынша қылмыстық құқықбұзушылықтар жасауының ықтимал фактілері тексерілуде», – деді ведомстводан.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close