Жаңалықтар

Атырауда қайырымдылық сөресі ұйымдастырылуда (видео)

Атырау қаласындағы Дина базарындағы «Лидер» дүкенінде қайырымдылық сөресі ашылады.  Ертең, 27 сәуір күні сағат 11:00-де қайырымдылық сөресі ашылады. Қоғамдағы көмекке зәру жандарды қолдауға арналған бұл бастаманың ашылу салтанатына Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров қатысады.

Игі шараны ұйымдастыруға Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, «НұрАй» және «ASUmit» қайырымдылық қорлары, Atyrau University атсалысуда.

durbi.kz

 

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close