Жаңалықтар

Бас имам Батыржан Мансұров мұқтаж жандарға қаржылай көмек апарып берді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен әлеуметтік жағдайы өте төмен отбасыларға қаржылай көмек көрсетілді.

Қасиетті Рамазан айында жүзеге асырылған ізгі істі Бас имам Батыржан Мансұровтың өзі бастап, мұқтаж жандардың әрқайсына 30 мың теңге көлеміндегі қаражатты өз қолымен табыстады.
«Қайырымдылық – адамның бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Қайырымдылық мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі болып табылады. Сондықтан да, əрбір жан иесі қайырымдылық істеріне араласып, Жаратушының разылығын аңсаған халде бар ықыласымен мұқтаж жандарға қол ұшын берсе, бұл – сауапты қадам» дейді Бас имам.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close