Жаңалықтар

Атыраудың бас мешітінде Тарауық намазының батасы берілді

Мыңдаған жамағаттың басын қосқан орталық «Иманғали» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров отыз күн бойы оқылған Тарауық намазының батасын берді.

 «Иә, Аллам! Көктен жауын бер! Жерден өнім бер! Еліміздің ырысын молайта гөр Раббым! Бізді ашаршылықтан, жамандықтардан, табиғат апаттарынан Өзің сақтай гөр! Бізді және біздің ұрпағымызды Аллам! Екі дүниеде бақытты ете гөр! Елімізді аман, тәуелсіздігімізді тұғырлы ете гөр Аллам! Ақсақалдарымызға қуат бер! Ақжаулықты аналарымызға денсаулық бер! Жастарымызға бақытты өмір нәсіп ет! Иманды, ибалы ұрпақтар нәсіп ет!

Иә, Жаратушы Алла Тағала! Өзіңнің разылығың үшін оқыған Құран Хатымды, Тарауық намаздарымызды, Құптан намаздарымызды, Үтір намаздарымызды, рукуғ, сәжделерімізді, қырағат, қиямдарымызды, дұға, тілектеріміздің барлығын Хатым Құранның құрметіне, Хатым Құранның шарапатына қабыл ете гөр!» деген Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұровеліміздің бірлігі, тірлігі, ислам дінінің өркендеуі жолында дұға жасады.

Сондай ақ, отыз күн ораза бойына Құранның бір парасынан оқып, Тарауық намазында қызмет көрсеткен ұстаз Хусейн Каяға құрмет көрсетіліп, шапан жабылды. Және де оған үш тілде жазылған «Қазақстан тарихы»  атты құнды кітап сыйға тартылды.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close