Жаңалықтар

Атырау облысының әкімі мұсылманның ұлық мерекесімен құттықтады

Құрметті атыраулықтар!

Сіздерді әлем мұсылмандарының ұлық мерекесі – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Құрбан айт мерекесі еліміздің бірлігін күшейтіп, бауырластықты арттыра түседі. Ұлттық мәдениетіміз бен салт-санамыздың өзегіне айналған, ата-бабамыздан келе жатқан дініміз тәуелсіз еліміздің рухани-мәдени жаңғыруының негізі бола береді деп сенемін.

Айт күнгі ізгі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын.
Осынау ұлық мерекеде құрбандық шалудың ең ізгі амалы – жетім-жесірлерге қол ұшын созу, араздасқанды татуластыру, адамзатты бейбіт өмір сүруге шақыру сияқты имандылық істермен астасып жатыр. Ендеше, ниеттеріңізді қабыл етіп, халқымызға нұр-шапағатын төге берсін.
Қасиетті мереке қарсаңында барлығыңыздың отбасыңызға бақ пен береке, дендеріңізге саулық, қызметтеріңізге табыс тілеймін!

Құрметпен,
Атырау облысының әкімі Н.Ноғаев

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close