Жаңалықтар

Теологтар мұнайшылармен кездесті

«ДоссорМұнайГаз» мекемесінің қызметкерлерімен «Отбасы құндылығы мен дін ұстанушылардың алдану жолдары» тақырыбында кездесу өтті.

Жиынға «Ембімұнайгаз» АҚ әлеуметтік саясаты және инфрақұрылымдық нысандарды басқару департаментінің аға маманы Г.Мекеева, «Шапағат» ҚҚ психолог маманы С.Нұрбекова, тарихшы Е.Абзалов, бөлім басшысы Ж.Жұмағалиева, жақында қызметке алынған, қақтығыс аймағынан елімізге оралған отбасы мүшесі А.Тергеусізова қатысты.

Тарихшы Ернар Абзалұлы деструктивтік діни ағымдардың таралу жолдары және оның алдын-алу шаралары жөнінде слайд арқылы түсіндіріп өтті. «ДоссорМұнайГаз» мекемесінің қызметкерлеріне «Шапағат» ҚҚ бөлім басшысы Жаннат Қанатқызы орталықтың қазіргі таңдағы атқарып жатырған жұмысына мысал келтіре отырып, жыл басында «Жусан-1» операциясымен Сириядан елімізге оралған отбасы мүшесі А.Тергеусізовамен таныстырып, «Шапағат»ҚҚ қызметке маман ретінде алғандығы жөнінде себебін айтып өтті.

Айнұр Қажымқызы слайд арқылы жастардың теріс ағымға арбанудың жолдары мен адам ресурстарының кезеңдеріне жеке тоқталып, бастан кешкен тағдырымен ашық түрде бөлісті. Кездесу соңында мекеме басшылары мен қызметкерлері жүрекжарды тілектерін тілеп, өздерінің ризашылығын білдірді.

durbi.kz

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close