Жаңалықтар

«Ұлт бірлігі мен қауіпсіздік мәселелері»

Осындай тақырыппен облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Насиха» сауда үйінің қызметкерлері мен саудагерлерге кездесу өткізді.

Аталған шараға, білім саласының қызметкері, облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Темірбек Марданов, Атырау облысы Дін істері басқармасының Ақпараттық талдау орталығының бөлім басшысы Аян Бақтығалиев, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының дінтанушысы, тарихшы Ернар Абзалов қатысып, терроризм мен діни экстремизмнің алдын-алу, дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттау, қазақ тарихы мен салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында ойларын ортаға салып, «Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы» заңының талаптары, сондай-ақ, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 453, 490-баптарында көзделген құқықтық жауапкершілігі туралы түсіндірді.

Сондай-ақ, «Шапағат» орталығының маманы Айнұр Тергеусізова жастардың, соның ішінде қыз балалардың жат ағым идеологиясына тез түсудің жолдары мен зардаптарын жеткізді. Сонымен қатар, теріс ағымдардан сақтанудың және оларға қарсы тұру иммунитетін қалыптастыру үшін сан ғасырлар бойы ата-бабаның ұстанған діни жолдары мен салт-дәстүрді, тарихты білу шарт дейді.

durbi.kz

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close