Жаңалықтар

Махамбет ауданы жастарына дін мәселесіне арналған семинар өтті

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен 23 тамыз күні Махамбет аудандық «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында жастарға арналған семинар өтті. «Жастар ортасында діни радикализм идеологиясының таралуын алдын алуға, дәстүрлі сана мен қоғамдық құндылықтарды нығайтуға бағытталған» семинарға Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының басшысы М.Құбышев, теологы А.Мағазов, Махамбет ауданы «Исатай-Махамбет» мешітінің бас имамы Е.Иманғалиев, Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Сисенов, Аудандық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Ж.Дүйсембаев, мемлекеттік қымет саласының ардагері, облыстық АТТ түшесі Ұ.Төлегенов қатысты.

Семинарды Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының басшысы М.Құбышев ашып, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, ұлттық рухани және мәдени құндылықтарды насихаттаудағы Ақпараттық-талдау орталығының жұмысымен таныстырды. Ақпараттық-талдау орталығының теологы А.Мағазов жастардың жат ағымды дәстүрлі діннен қалай ажырату керектегіні жеткізді. «Исатай-Махамбет» мешітінің бас имамы Е.Иманғалиев «Дін мәселесінде жастарға дұрыс бағыт беру жолдары» тақырыбында сөз сөйлеп жастарды қоғамға, ата-атанаға, отанға адал қызмет етуде құлшылық болып саналатынын түсіндірді.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Сисенов жастарға дін саласында мемлекеттік атқарып жатқан қызметтерімен таныстыра келе, қандайда бір діни мәселе туындаса интернеттен немес әлеуметтік желіден емес, дін саласының мамандарынан кеңес алу қажеттігін түсіндірді. Аудандық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Ж.Дүйсембаев биылғы жастар жылында жасалып жатқан барлық игі шаралардың мақсаты жастарды адасудан сақтауға, қоғамда өз орнын табу үшін жасалып жатқанын айтып, жастарды белсенді болуға шақырды. Жиын соңында қатысушыларға «Дүрбі», «Руханият әлемі» газеттері мен «террористік сипатта жалған ақпарат таратушылар жазасыз қалмайды» атты бүктемелер таратылды. Қатысушылар тарапынан қойылған өзекті сұрақтарға мамандар толыққанды жауап берді.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close