Жаңалықтар

Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері кітапханашылармен жүздесті

Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, Қызылқоға ауданының аудандық кітапханасында «Жаңа жаһандық ахуалдың сын қатерлері» тақырыбында кездесу өтті.

Жиынға облыстық Дін істері басқармасы ақпараттық-талдау орталығының маманы Н.Ғизат, аудандық «Бәйтерек» мешітінің бас имамы М.Сұлтанов, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының теологы Ш.Темірқұлұлы қатысты. Орталық маманы Н.Ғизат дәстүрлі емес діни ағымның шығу тарихы, оларды қалай ажырату керектігі жөнінде арнайы слайд бойынша баяндап, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 453, 490-баптарында көзделген жауапкершілік жөнінде түсінік беріп өтті.

«Бәйтерек» мешітінің бас имамы М.Сұлтанов «Қазақ халқы ғасырлар бойы ұстанып келген дәстүрлі ислам діні қоғамда да, мемлекетте де тыныштықты, адамгершілікті, парасаттылықты насихат етеді. Алайда, барша тұрғындарды бірдей қамтып, олардың арасында, теріс діни ағым ұстанушыларымен жаппай күресу оңайға соқпайтыны рас» дей келе, әр азамат ауызбіршілікпен бір шешімге келіп, дәстүрлі дінімізді насихаттап, жат ағымның жетегіне кетпеу үшін бірдей күресу керек екендігін ескертіп өтті. Теолог Ш.Темірқұлұлы ислам дінінің құндылықтары оның қазіргі зайырлы мемлекеттік құрылыспен үйлесімділігін айтып, салафилердің кескін – келбетін, қандай негізгі қағидалары туралы, олардың қоғам үшін де, жеке тұлға үшін де зайырлылығын түсіндірді. Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған әр түрлі сауалдарға тиісті жауаптар берілді.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close