Жаңалықтар

«Дүрбі» газетінің тілшісі дін тақырыбындағы шығармашылық байқауда жеңімпаз атанды

«Үздік мақала» номинациясы бойынша облыстық қоғамдық-саяси «Атырау» газетінің және аймақтық «Дүрбі» газетінің Атыраудағы меншікті тілшісі Баян Жанұзақова I орын иеленді.

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының тапсырысымен облыс көлемінде журналистер арасындағы діни экстремизм мен терроризм профилактикасына арналған шығармашылық байқау жарияланған болатын. «Рух» психология және тұлғаны дамыту орталығы ұйымдастырған байқау мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды.

Байқаудың қорытынды рәсіміне Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының басшысы М.Құбышев байқауды ұйымдастыруда көзделген мақсаттарға тоқталып, діни-рухани және ағартушылық бағытындағы мұндай іс-шараларды жыл сайын ұйымдастырудың тиімділігіне тоқталып өтті.
Байқау нәтижесінде дін мәселесін қамтыған бірқатар үздік мақалалар топтамасы мен телеарналық жоба иегерлері марапатталды. Байқаудың «Үздік телевизиялық материал» номинациясы бойынша I орынды «Атырау» телеарнасының тілшісі Ж.Ғалым алды. Қатысушылар алғыс хат беріліп, қаржылай сертификаттар табысталды.

durbi.kz

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close