Жаңалықтар

Елімізді түрлі діни ағымдардан қалай сақтандырамыз?

Осындай тақырыппен Атырау облыстық Ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен  сарбаздарды даярлау мекемесінде жалпы кездесу өтті.

Кездесуге «Шапағат» ҚҚ теолог маманы М.Омаров қатысып, теріс ағымдардың арбау жолдары мен іс әрекеттері, қазіргі қоғамдағы ислам дінінің алатын орны, қаламыздың діни ахуалы мен оның алдын алу жұмыстары турасында әңгіме өрбітіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қазақтың тарихына шолу жасап, қысқаша слайд арқылы теріс ағымдардың арбау жолдарын көрсетіп өтті. Жиын соңында қызметкерлер сұрақтарын қойып, теолог тарапынан тиісті жауаптарын алды.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close