Жаңалықтар

Салафилер есірткімен ұсталды

8 қазан күні Қызылорда облыстық есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы мен Қармақшы аудандық полиция бөлімінің бірлескен жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде  ірі көлемде есірткі тәркіленді.

Оқиға осы күні Жосалы кенті Абай көшесі бойындағы «Қазақтелеком» ғимараты алдында Атырау облысының Құлсары қаласының тұрғыны Н.А-тың көлігін тексеру кезінде  болды. Көлік ішінде болған Орал қаласының тұрғыны А.Д-ның сөмкесінен жасыл түсті, өзіне тән иісі бар 6 орама өсімдік табылған. А.Д-ның екінші қара түсті былғары сөмкесінің ішіндегі киімі арасынан тап осындай тағы бір политилен пакетте салынған өсімдік шықты.

Сурет ғаламтордан

Күдікті ретінде Атырау облысы, Құлсары қаласының тұрғындары 1981 жылғы Н. А.мен 1986 жылы туған К.А. және Орал қаласының тұрғыны 1988 жылғы А.Д. ұсталды. Бұл заттарға айғақ ретінде сот-сараптама тағайындалды. Нәтижесінде тәркіленген 12 келі 524 грам заттың кептірілген марихуана екені анықталды.

Енді күдікті ретінде заттай айғақпен ұсталған бұл үш азамат есірткі, психотроптық және сол тектес заттарды заңсыз дайындау, иемдену, сақтау бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталып отыр. БҚО тұрғыны  А.Д. Қармақшы аудандық Полиция бөлімінің уақытша тергеу изаляторына қамалды. Тергеу ісі жалғасуда.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің мәліметінше, есірткімен ұсталған бұл азаматтар деструктивтік діни ағым өкілдері болып шықты.

«Дүрбі»

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close